news

БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ: ИНКЛЮЗИЯ НЕГІЗДЕРІ

2026-02-25 | Жаңалықтар

Бизнес және коммуникация жоғары мектебінің: ПД-2503, ЛОП-301, ПД-301, ПД-2503 топтарына инклюзивті білім беру мәселелері бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. 
«Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту» бөлімінің мамандары іс-шара барысында Қазақстандағы инклюзивті саясаттың басым бағыттары, оның құқықтық негіздері, университет құрамындағы орталықтар және сол орталықтар арқылы жүзеге асырылып отырған қолдау тетіктері туралы жан-жақты мәлімет ұсынды.
Студенттерге инклюзивті білім берудің басты мақсаты – әрбір білім алушының денсаулық ерекшелігіне, әлеуметтік жағдайына немесе жеке қажеттіліктеріне қарамастан сапалы білімге тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз ету екені атап өтілді.
Инклюзивті орта тек материалдық қолжетімділікпен шектелмейтіні, ең алдымен, дұрыс көзқарасқа, түсіністік пен өзара қолдауға негізделетіні айтылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы жастар арасында толеранттылықты нығайтуға, өзара сыйластық пен әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталды.

Бөлісу