Конституциялық реформа – білім беру кеңістігінің жаңа бағыты
2026-02-18 | Жаңалықтар
Шәкәрім университетінің Бизнес және коммуникация жоғары мектебінде «Экономика және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа және қоғамдық сананы жаңғырту: жоғары мектептің миссиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша өкілі, Шәкәрім университетінің әлеуметтанулық талдау орталығының қызметкері, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар конституциялық реформалардың мазмұнын талқылап, жоғары оқу орындарының қоғамдық-саяси өзгерістердегі стратегиялық маңызына тоқталды.