Жаңа толқын – жаңа серпін! Түлектермен кездесу
Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні МҚІА Абай облысы бойынша департаменті өкілі Т.Зулхаров Семей қаласының «Шәкәрім университеті» Бизнес жоғары мектебінде бітіруші курс студенттерімен кездесті.
📃 Кездесу барысында болашақ түлектерге мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі, мансаптық өсу жолдары және жас мемлекеттік қызметшілерге арналған мүмкіндіктер жайлы ақпарат берілді. Аталған шара жастарды мемлекеттік қызметке тартуға және болашақ кәсіби жолын дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін маңызды шара.
Жаңа толқын – жаңа серпін. Мемлекет пен қоғамды жаңартуда жастардың рөлі ерекше. Мемлекет басшысы кадр саясатына ерекше мән беріп, мемлекеттік қызмет жүйесіне жас әрі тың көзқарастағы мамандар қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын. «Мемлекеттік аппаратта жас буынның көбірек болуына баса мән беру керек. Олар елге қызмет етудің озық үлгісін көрсетуге тиіс», – деген Президенттің сөзі бұл бағыттағы нақты қадамдардың бастамасы болды.
🖋️ Аталған жұмыс бағыты ҚР Президентінің №602 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының тапсырмасымен жүзеге асырылуда.