news

Қаржылық сауаттылық олимпиадасы – жастардың табысты болашағына жол!

2025-11-13 | Жаңалықтар

Қаржылық сауаттылық олимпиадасы – жастардың табысты болашағына жол!
 

13.11.2025 ж. Шәкәрім университетінде «Ұлттық валюта – теңге» күніне орай оқушыларға арналған қаржылық сауаттылық олимпиадасы ұйымдастырылды. Зияткерлік іс-шараны Бизнес және коммуникация жоғары мектебінің «Экономика және қаржы» кафедрасы өткізді.

💎Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың экономикалық ойлау қабілеттерін дамыту, қаржыны тиімді басқарудың практикалық дағдыларын қалыптастыру және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру болды.

✅Бұл зияткерлік додаға Семей қаласы мен Абай облысының 19 мектебінен 23 команда қатысып, өздерінің кәсіпорындарын ұйымдастырып, инвестициялық шешімдер қабылдау арқылы экономикалық ой-өрістерін шыңдады.

🏆Сайыс қортындысы бойынша:
🥇1 орын – «Лидеры» командасы (Экономикалық лицей)– 30 000 тг
🥈2 орын – «Астрал» командасы (№43 ЖОМ) және «Вектор прибыли» командасы (№28 ЖОМ) – 20 000 тг
🥉 3 орын – «Экономисты» (№11 ЖОМ), «Девичник» (№43 ЖОМ), «Болашақ» (Жарқын мектебі) – 10 000 тг қаржылай сыйақымен марапатталып, жеңіске жетті.

🔥Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! 

📈Сенімді қаржылық болашақ – бүгіннен басталады!

Бөлісу