Қаржылық сауаттылық - болашаққа салынған инвестиция!
Қаржылық сауаттылық – болашаққа салынған инвестиция!
2025 жылғы 9 сәуірде Шәкәрім университетінің Жоғары бизнес мектебі базасында Семей қаласының 10–11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық бойынша қалалық олимпиада өтті. Іс-шара Ғылым апталығы аясында ұйымдастырылды.
🧠 Қатысушылар жеке қаржы, банк операциялары, салық салу және экономиканың негіздері бойынша өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Олимпиада тек білім сайысы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың зерттеушілік және талдаушылық қабілеттерін дамытуға арналған маңызды алаң болды.
🎯 Қаржылық сауаттылық – бүгінгі күні әр жас үшін қажетті өмірлік дағды. Жеке қаражатты басқару, қаржылық тәуекелдерді бағалау, ақша айналымын дұрыс түсіну – цифрлық және нарықтық экономика жағдайында табысты болудың негізі.
🏆 Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталды:
🥇 I орын – команда «Зейінді төрттік» – №45 орта мектеп
🥈 II орын – команда Activity – Семей қаласының экономикалық лицейі
🥈 II орын – команда «Жас қыран» – №50 мектеп-лицей
🥉 III орын – команда «ФинСмарт» – №44 орта мектеп
🥉 III орын – команда «Доллар» – Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия
🥉 III орын – команда IQON – №51 орта мектеп
🙏 Барлық қатысушыларға, ұстаздар мен ұйымдастырушыларға белсенділік пен жоғары дайындық үшін алғысымызды білдіреміз!
Біз бұл білім мен тәжірибе жас ұрпақтың жеке және кәсіби жетістіктерінің берік негізіне айналады деп сенеміз.
📚 Қаржылық сауатты ұрпақ – ел болашағының кепілі!