Қаржылық сауаттылық және тұрақтылық
2025-01-30 | Жаңалықтар
2025 ж. 30 қаңтарда “Semei” телеарнасында “Бизнес жоғары мектебі” аға оқытушысы, э.ғ.к. Ибраева Алия Кабышевна ақпараттық-танымдық “Елге сәлем” бағдарламасында тікелей эфиріні қонағы болды. Қаржылық сауаттылықтың маңызы, бағыт - бағдары, қаржылық жоспарлау және қаржылық құралдарды тиімді пайдалану арқылы мақсат қойып қаржылық тәуелсіздікке жету жолдары, қайта қаржыландыру, сонымен қатар дәулетті болу формуласы мен қаржылық тұрақтылыққа жету т.б. жайында өзекті де қызықты тақырыпта сұхбат берді.