• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

АРАЙЛЫМ КАНАТОВНАМЕН «ПРОФЕССОР САҒАТЫ» ӨТКІЗІЛДІ

2023-12-08 | Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 08-желтоқсаны күні Шәкәрім университетінің «Экономика және қаржы» кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессор Оразгалиева Арайлым Канатовнамен «Профессор сағаты» шеңберінде «Заманауи көшбасшы – білікті келіссөзші» тақырыбында интерактивті пікірталас case-study форматында дәріс оқылды.

Дәрістің мақсаты – тыңдаушыларға көшбасшылық туралы жалпы түсінік беру, тақырып бойынша креативтілік, ашық дискуссия жасау, ойын білдіру, команданы басқара алудағы дағдылық қасиеттерін қалыптастыру, тақырыпты меңгерудегі жалпы ұғымдарын дамыту, алынған дағдылар мен істей алу қабілеттерін тәжірибе жүзінде пайдалану.

Арайлым Канатовнамен белсенді оқыту әдістерінің стратегиялары мен құралдары кеңінен қолданылған дәріске келген қатысушылар тақырыпты талқылау барысында аса қызығушылықпен белсенділік танытты. 22 тыңдаушы профессор дәрісінің өте жоғары деңгейде өткендігін бағалай келе, Арайлым Канатовнаға шынайы алғыстарын айтты.

Бөлісу