
Тәуелсіз еліміздің айрықша белгісі – Ұлттық валютаның енгізілгеніне 30 жыл толуына
2023-11-14 | Жаңалықтар
Тәуелсіз еліміздің айрықша белгісі – Ұлттық валютаның енгізілгеніне 30 жыл толуына және қаржыгерлер күніне орай 2023 жылдың 14-қарашасы күні «Экономика және қаржы» кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессоры Оразгалиева Арайлым Канатовнаның ұйымдастыруымен «ҰШҚЫР ОЙДАН ҰТЫМДЫ ЖАУАП» интеллектуалдық ойыны өткізілді.
Зияткерлік ойынына қатысқан ЭМ-301 тобынан «Лидер» командасы, БУФ-201 тобынан «Бірлік» командасы, БУФ-301 тобынан «Алтын қазына» командасы, БУФ-101 тобынан «Доллар» командасы «Ойлан тап!» турында валютамен байланысты жұмбақтарды шешсе, ІІ-турда валюта әлеміне саяхат жасап, интеллектуалдық ойын қатысушылардың көңілінен шықты.