АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БОЙЫНША ӘРІПТЕСТІК
"Экономика және қаржы" кафедрасының аға оқытушысы, PhD Искакова М.С. 2023 жылғы 13 қараша мен 01 желтоқсан аралығында оқытушылардың академиялық ұтқырлығы бағдарламасы аясында Семей қаласының «Alikhan Bokeikhan University» БМ серіктес-ЖОО-да болды. Бұл шара университеттің 2023-2024 оқу жылының 1 семестріндегі ПОҚ ішкі академиялық ұтқырлық жоспарына сәйкес жүргізілді.
Осы уақыт аралығында Alikhan Bokeikhan University-нің 7М04107 «Іскерлік әкімшілендіру» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттарына «Кадрлық есеп және құжат айналымы» пәні бойынша дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізілді.
Сабақтар жүргізу барысында интерактивті әдістер, кейс-тапсырмалар, тесттер және т. б. сияқты оқытудың әртүрлі нысандары қолданылды. Кафедраның жас оқытушыларына қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша кеңес берілді.
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ «Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы PhD Ғабдуллина Л.Б. және PhD, қауымдастырылған профессор Оразгалиева А.К. бірге «Экономикалық пәндерді оқытудағы инновациялық әдістер» тақырыбында семинар өткізілді, онда оқытудың заманауи әдістерін енгізу мүмкіндіктері, ғылыми мақалаларды бірлесіп жариялау және т. б. мәселелер қаралды.