ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР ТАЛҚЫЛАНҒАН БІРЛЕСКЕН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
2023-12-14 | Жаңалықтар
«Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесінде академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру кезінде «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ «Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы М.С.Искакова, PhD докторы, қауымдастырылған профессор А.К.Оразгалиева және аға оқытушы, PhD докторы Л.Б. Габдуллинаның қатысуымен «Бизнес және басқару» кафедрасының оқытушыларымен бірлесе отырып, «Экономикалық пәндерді оқытудағы инновациялық әдістер» тақырыбында семинар өткізілді, онда оқытудың заманауи әдістерін енгізу мүмкіндіктері, тілдерді кеңінен қолдану, кафедраның ғылыми қызметі, ғылыми мақалаларды бірлесіп жариялау сияқты мәселелер талқыланды.