
Доктор PhD Ляззат Баглановна Габдуллина, ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2023-09-13 | Құттықтау
Университетіміздің ғалымдарының қатары тағы бір философия докторымен толықты.
Л.Н.Гумилев ат. Еуразиялық ұлттық университетінің «8D041-Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағытындағы диссертациялық кеңестің шешіміне сәйкес (2023 жылдың 23 тамызы №14 хаттама) Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ Ректорының 2023 жыл 11 қыркүйектегі №1652-п «Философия докторы дәрежесін (PhD) беру туралы» бұйрығымен «Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Габдуллина Лаззат Бағлановнаға «6D051700-Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.д.,профессор Бауржан Советович Толысбаев (Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ)