• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Ашық сабақ

2023-10-13 | Жаңалықтар

023 жылдың 13 ақпан күні «Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ,PhD Лаззат Баглановна Габдуллина ЭН-301 тобында «Мамандыққа кіріспе» пәнінен «Экономикалық жүйелер» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.

Ашық сабақ Шәкәрім университетінің қазан айына бекітілген ашық сабақтар жоспарына сәйкес өтті. Ашық сабақты өткізу барысында оқытушы алдымен өткен тақырыпқа шолу жасап, экономикалық жүйелердің анықтамасына, факторларына, элементтеріне, жіктелуі мен типтеріне тоқталды.

Білім алушыларға тақырыпты меңгертуде және алған білімдерін бекітуде «миға шабуыл», «ширату»,қиылысқан сұрау,пікірталас,зияткерлік ойын, викториналық сұрақ сияқты белсенді оқыту әдістерінің құралдары кеңінен қолданылды.

Дәріс материалдары презентация түрінде берілді. Сабақ соңында студенттермен тақырыптың түсініктілігін бағалау жүргізілді. Ашық сабақ жоспары мақсатына жетті және ЖОО талаптарына сай жоғары деңгейде өтті.

Бөлісу