Ашық сабақ.
Шәкәрім университетінде қазан айында бекітілген ашық сабақтар кестесіне сәйкес «Экономика және қаржы» кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессор Оразгалиева Арайлым Канатовнамен 2023 жылдың 11-қазаны күні МН-011 тобында «Маркетингтік коммуникациялар» пәнінен «Қарым-қатынас маркетингі» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізілді.
Тәжірибелік сабақ барысында Арайлым Канатовна студенттерге қарым-қатынас маркетингінің мақсаты, идеясы, алғышарттары, негізгі қағидалары мен концепциясы бағытында тақырыпты меңгерудегі алынған ұғымдарын дамытып, білімдерін бекітуде панельдік дискуссия, графикалық органайзер, геймификация, имитациялық әдіс, қиылысқан сұрауды қамтыған белсенді оқыту әдістерінің стратегиялары мен құралдарын кеңінен қолдана білді.