• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

АКРЕДИТАЦИЯДАН СӘТТІ ӨТУІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2023-06-19 | Жаңалықтар

«Экономика және қаржы» кафедрасын, профессорлық-оқытушылар құрамын, студенттерді, магистранттарды және жұмыс берушілерді (тәжірибе базаларын) бірлескен жемісті еңбектің нәтижесінде қол жеткізген лайықты табыстарымен құттықтаймыз!

“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” (IAAR) Аккредиттеу кеңесінің 2023 жылғы 26 мамырдағы шешімімен (№ 74 хаттама) Білім беру бағдарламалары: 6В04108 «Экономика және менеджмент», 6В04109 Бухгалтерлік есеп және қаржы, 7М04115 Экономика және басқару, 7M04116 Бухгалтерлік есеп және қаржы және қос диплом бағдарламасы 6В04106 Менеджмент / Business administration 5 жыл мерзімге аккредиттелді.

Аккредиттеуден өтуге дайындық процесінде адал еңбек және ортық іске жауапкершілікпен қарау маңызды кезеңді сәтті аяқтаудың негізіне айналды. Сондай-ақ, аккредитацияға дайындық кезеңінде қажетті білімді, тәртіпті және жоғары жауапкершілікті көрсеткен студенттерімізді мақтан тұтамыз.

Серіктес университетке Kyungdong University Global Campus (Корея) жемісті ынтымақтастығы үшін үлкен және шынайы алғысымызды білдіреміз! Бірлескен күш-жігер бізді лайықты табысқа жеткізді! Соңғы жылдары қол жеткізген табыстарымыз тынымсыз бірлескен еңбектің, сіздердің мамандарыңызбен үздіксіз күнделікті араласудың жемісі екенін жақсы түсінеміз. Болашақта әріптестікті сақтап, жалғастыра аламыз деп сенеміз.

Бүкіл ұжымға және студенттерге кәсіби және білім беру қызметінде жаңа жетістіктер, шығармашылық табыстар тілейміз!

Бөлісу