• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША - Дөңгелек үстел.

2023-04-19 | Жаңалықтар

Жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейтудің маңызды тетіктерінің бірі сыртқы және ішкі стейкхолдерлердің ұсыныстары мен мамандардың қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби стандарттарға сәйкес құзыреттілікке негізделген тәсілге негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жыл сайынғы жаңарту болып табылады.

2022 жылдың 18 мамырында «Экономика және қаржы» кафедрасында жұмыс берушілердің қатысуымен  6В04108 – Экономика және менеджмент, 6В04109 – Бухгалтерлік есеп және қаржы, 6В04106 Менеджмент / Іскерлік басқару, 7М04115 – Экономика – Экономика және Менеджмент ББ,  2022-2023 оқу жылына оқуға қабылдау үшін «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және бағалау кезінде жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде келесідей мәселелер талқыланды: «Кәсіптік білім беру мен еңбек нарығы арасындағы байланысты нығайту», «Білім беру үдерісі мен білім сапасын сыртқы бағалаудың субъектілері мен көлемін кеңейту». Осы хаттамаға сәйкес әзірленген ДОП-ны талқылауға Ғылыми комитеттің құрамы, профессорлық-оқытушылық құрам, студенттік қоғамдастық өкілдері – 3 студент, бизнес құрылымдардың өкілдері – 2 адам қатысты).

Стейкхолдерлер ұсынған элективті пәндер каталогына жаңа пәндерді жаңарту және енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Білім беру бағдарламаларының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі реестрлер критерилері және оқыту нәтижелерін әзірлеуге қойылатын талаптарға сәйкестігі мәселелері қарастырылды. Кездесулер барысында қатысушылар кадрлармен қамтамасыз етуді, білім беру бағдарламасын ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етуді, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, практикалық базамен қамтамасыз етуді, ББ енгізуді ақпараттық қамтамасыз етуді ескере отырып, ББ әзірлеу және жаңарту, ББ енгізуді әдістемелік қамтамасыз ету  бойынша өз ұсыныстарын айтты. Стейкхолдерлер талқыланған ББ-да экономикалық кадрларды даярлаудың жоғары сапасын атап өтті, бұл ұйымдардағы тәжірибе нәтижелерімен де расталады.

Бөлісу