• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! «21 ғасыр көшбасшысы» командасын 2 курс ЭМ-101 тобының студенттері

2023-04-15 | Жаңалықтар

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

«21 ғасыр көшбасшысы» командасын 2 курс ЭМ-101 тобының студенттері: Оразова Дильданды, Есенжолова Аружанды, Сыдықова Аружанды!!!

«6В04102 – Экономика» БББ шеңберінде «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Кәсіпорын экономикасы» пәндері бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадада 3 орын лайықты жеңістерімен

2023 жылдың 14 сәуірінде «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ-да «6В04102 – Экономика» БББ шеңберінде «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Кәсіпорын экономикасы» пәндері бойынша ХV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарынан қатысуға барлығы 27 өтінім берілді.

Экономикалық пәндер бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша комиссия «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ «Экономика және қаржы» кафедрасының 2 курс ЭМ-101 тобы студенттерінен құралған «21 ғасыр көшбасшысы» командасын (Оразова Ділдана, Есенжолова Аружан, Сыдықова Аружан) ІІІ дәрежелі дипломмен марапаттауға ұсынылды.

Ғылыми жетекшілері: Қажиева Жания Хайдарқызы, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Абылкасимова Жібек Ануарбекқызы, PhD докторы, қауымдастырылған профессор м.а., Еспенбетова Баян Арапқызы, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор университет ректорының Алғыс хатымен марапатталды.

Студенттерімізді және команда жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Әрқашан алға ұмтылып, алдағы уақытта бұдан да биік шыңдарды бағындыруларыңа тілектеспіз!!!

Бөлісу