• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

2022-10-17 | Жаңалықтар

2022-2023 оқу жылының 1 семестрінде Түркияның Памуккале (ПАУ) университетінде оқитын Эн-901 тобының студенттері Кабиров Ербол, Сапарбек Нұрайлым және Хамитқали Гүлнұрдың сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасының қатысушыларынан жауап.
«Түркия - Азия мәдениетінің қайнар көзі. Адамдар ең болмағанда бір саяхаттап, нағыз түрік шәйін аңсап жүргенде, бізге одаң жүз есе артық әрекет бұйырыпты.
Студенттік шағымыздың соңғы жылың өзге қалада емес, өзге елде бастау мүмкіндігіне ие болдық.
Мұнда өте жанды атмосфера бар, бірінші күннен бастап әр түрлі студенттік іс-шаралар өтіп жатыр, ал университет кампусының өзі өте жақсы жағдайда.
Сабақтар өте серпінді түрде өтеді, оқытушылар барлық күш-жігерін жұмсайды, ал курстастар өте сыпайы.
Біз Pau-дегі атмосфераны "оқуға ынталандырушы"деп сипаттар едік.
Біздің ойымызша, PAU - бұл тамаша таңдау! Кампустың үлкен аумағы, онда сіз кішігірім маркеттерден бастап үлкен кафетерийлерге дейін, көптеген спорттық клубтар мен қызығушылық қауымдастықтарын таба аласыз, Мұнда әркім өзіне ұнайтын нәрсені таба алады.
Шетелде білім алу бұл сөзсіз баға жетпес тәжірибе! Біз Түркияны ең халықаралық елдердің бірі деп айтар едік. Түркияда оқу-сапалы білім және көңілді уақыт өткізу. Ең бастысы, өзгерістерден қорықпай тек алға жылжу!»

Бөлісу