• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

«Шәкәрім оқулары» VII обылыстық ғылыми конференция

2023-04-01 | Жаңалықтар

2023 жылдың 1 сәуір күні Шәкәрім университетінде өтіп жатқан Ғылым апталығы аясында мектеп және колледж оқушылары арасында «Шәкәрім оқулары» VII обылыстық ғылыми конференция өтті. «Экономика және қаржы» кафедрасы экономикалық ғылымдар секциясының жұмысын ұйымдастырды. Бұл секцияға қала, ауыл мектептері және колледждерден 10-нан артық баяндамашылар қатысты. Барлық баяндамалар заманауи мәселелерді қозғайтын өзекті тақрыптарды қамтыған. 

Комиссия мүшелерінің шешімімен 1-ші орынға  №38 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейдің оқушылары Журин Д., Нурекенов Д. дайындаған баяндама лайықты деп танылды. Ғылыми жетекшілері: Борлукова М.Н., Линник О. П., 2-ші орынды радиотехника және байланыс колледжінің студенті Балагазин А. иелендін, ғылыми жетекшісі: Сартаева Ғ.Т., 3-ші орынды Аягөз қаласының қазақ қалалық көпсалалы  мектеп-гимназиясының оқушысы  Айходжаева П. иеленді, ғылыми жетекшісі Джасбаева А. Жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Сонымен қатар, Р.Байсеитов ат. Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенттері Зенкович Д., Рахимжанова И. және Нұрмұхан Р. университет ректорының алғысхаты табысталды. 

Ғылыми конференция жоғары дәрежеде өтті.

Бөлісу