• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

COURSERA : SHAKARIM UNIVERSITY 400 СТУДЕНТІ СЕРТИФИКАТ АЛДЫ

2023-03-10 | Жаңалықтар

COURSERA : SHAKARIM UNIVERSITY 400 СТУДЕНТІ СЕРТИФИКАТ АЛДЫ

Shakarim University студенттері 40 бағыт бойынша қазақ және орыс тілдерінде локализацияланған курстарды таңдауға бірегей мүмкіндік алды. Аталған ЖОО-ға Coursera курстарына 1000 лицензия берілді. 2 аптаның ішінде 400-ден астам білім алушы шетелдік жоғары оқу орындарының курстарынан белсенді өтіп, сертификат алып шықты.

Мысалы, Замира Мурсалимова «Журналистика» ББ студенті Калифорния университетінің «ХХІ ғасырдағы жұмыс орнындағы байланыс» курсын сәтті аяқтады. Замираның айтуынша, Coursera курсы студенттерге қызмет бабында дұрыс қарым-қатынас жасауды үйретеді.

Оқу орнының студенттері инновация, стратегиялық көшбасшылық және менеджмент, инженерлік салаларға арналған математика, маркетинг, логика және сыни ойлау, Python бағдарламасы, мансаптық табысқа жету, механика және т.б. бағыттар бойынша өз білімдерін жетілдіруде. Оқыту бірнеше модульдерден тұрады: тестілеу, дәріс және емтихан.

Бөлісу