• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

«Экономика және қаржы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Оразгалиева Арайлым Канатовна СТР телеарнасында «Диалог».

2023-03-31 | Жаңалықтар

2023 жылдың 30 наурызы күні Шәкәрім университетінің «Экономика және қаржы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Оразгалиева Арайлым Канатовна СТР телеарнасында «Диалог» бағдарламасында Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадамдар тақырыбында сұхбат берді. Диалог барысында әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам құрудағы негізгі бағыттар, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары, шағын және орта бизнесті ынталандыру, сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру шеңберіндегі сұрақтар талқыланды.  Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Біздің бүгінгі бастамаларымыз -  ертеңгі Қазақстанның болашағы. Қасиетті Отанымызды өркендету жолындағы береке-бірлігіміз арта берсін деген тілектеміз!

Бөлісу