• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері, салық кеңесшісі Измайлова Марина Васильевнаның тәжірибелік семинары

2023-03-31 | Жаңалықтар

Құрметті шаруа қожалықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес субъектілерінің бас есепшілері мен есепшілері! Сіздерді «Қаржылық сауаттылықтың заңды жауапкершілігін түсіну», «Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және салықтық есеп бойынша 2023 жылға арналған нормативтік құқықтық актілерге шолу» бағдарламасы бойынша практикалық семинарға шақырамыз.

Семинардың мақсаты:

- Қатысушыларды цифрлық модельдер мен бағдарламалардағы бухгалтерлік есептің жүйелік жұмыс үрдісіне сауатты көзқарасқа үйрету

- Мысалдар арқылы қаржылық есеп берумен таныстыру

- Тәуекелдерді басқару жүйесі, заңнамалық базадағы өзгерістерді тұрақты бақылау.

Семинар спикері – Измайлова М.В., салық кеңесші, Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері, экономика ғылымдарының магистрі.

Семинар 2023 жылдын 31 наурызында сағат 10.00-де Семей қ., Шугаева көшесі, 159/3, 8 корпус, 309 каб. өтеді.

Семинар соңында жеке сертификат беріледі.

Семинарға тіркелу үшін 8-747-415-43-21 телефонына хабарласыңыздар.

Бөлісу