• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Абай облысының "Halyk Bank " АҚ филиалының басшысы Бәйтерекова Гүлжахан Есімқызының дәрісі. Тақырыбы: Банкте мансапты қалай құруға болады

2023-03-31 | Жаңалықтар

"HalykBank" АҚ-100 жылдан астам уақыт бойы өз клиенттерінің игілігі үшін табысты жұмыс істеп келе жатқан еліміздің ең ірі әмбебап коммерциялық банкі, Қазақстанның ең сенімді және әртараптандырылған қаржы құрылымдарының бірі. Halyk Bank өз клиенттеріне сапалы қызметтердің барынша кең спектрін ұсынуға мүмкіндік береді. "Табысты адамдардың дәрістері" жобасы аясында Абай облысының "Halyk Bank"АҚ филиалының басшысы - Гүлжахан Есімқызы Бәйтерекова банкте мансапты қалай құруға және жалпы іскер әйелдің табысы мен өмірі туралы әңгімелейді. 

Құрметті Shakarim University білім алушылары, магистранттары мен докторанттары Сіздерді Банк басшысы Г.Е. Бәйтерекованың 2023 жылғы 31 наурызда сағат 15.00-де Shakarim University "Үш анық" Конференц-залында өтетін "банкте мансапты қалай құруға болады" тақырыбындағы дәрісіне шақырамыз.

Бөлісу