• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
7M04115 - Экономика және басқару
М070 Экономика білім беру бағдарламаларының тобы 7М04 Бизнес, басқару және құқық білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
Гуманитарлы - экономикалық факультетінің Экономика және қаржы кафедрасында жүзеге асырылатын 7М04115 Экономика және басқару білім беру бағдарламасы аймақтың еңбек нарығының қажеттіліктері мен жұмыс берушілердің пікірлерін ескере отырып жасалған. Магистратураның 7М04115 Экономика және басқару білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесінде алынған білім мен дағдыларды қолдану түлекке лауазымдық орындардың кең шеңберіне үміткер болуға мүмкіндік береді және мемлекеттік билік органдарында, ұйымдарда, кәсіпорындарда, түрлі ұйымдық - құқықтық нысандағы мекемелерде мансаптық өсуді қамтамасыз етеді. Магистратураны 7М04115 Экономика және басқару БББ өзектілігі әр түрлі меншік және шаруашылық нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар үшін экономист-менеджерлерге деген сұраныспен негізделген. Бірде бір компания экономистер мен менеджерлерсіз өмір сүре алмайды, фирма пайда бола салысымен талдау, жоспарлау және болжау, бизнес-процестерді ұйымдастыру және басқару жұмысына қажеттілік бірден пайда болады. Экономист-менеджер кәсіпорынның экономикалық қызметін жоспарлау және басқару бойынша өндірістің тиімділігі мен рентабельділігін, шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға және олардың жаңа түрлерін игеруге, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалану кезінде жоғары түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жұмысты орындайды.
Магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредит, оның ішінде: педагогикалық тәжірибе – 6 кредит, зерттеу тәжірибесі – 13 кредит, сондай-ақ МҒЗЖ – 24 кредит, магистрлік диссертацияны ресімдеуге және қорғауға 8 кредитін меңгеру болып табылады
2 жыл.
Мақсаты
Компанияның стратегиясын әзірлеп, іске асыратын, оны бәсекелестік жағдайында ілгерілететін, қаржылық және бизнес-шешімдер қабылдайтын, экономикалық және қаржылық жұмысты жүзеге асыратын, ҚР барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік - шаруашылық қызметін талдау және жоспарлай алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    7М04115- Экономика және басқару білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдары магистрі
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    Бас экономист; Бизнес-кеңесші; Экономист-логистик; Жоспарлау бойынша экономист; Сату бойынша экономист; Еңбек жөніндегі экономист; Қаржы жұмысы жөніндегі экономист (қаржы жөніндегі маман); Экономист; Экономист-талдаушы; Барлық санаттағы және деңгейдегі басқарушы персонал; Құрылымдық бөлімшелердің басшылары; Жергілікті және мемлекеттік басқару органдарының жоғары және орта буын басшылары; Әртүрлі мемлекеттік әкімшілік құрылымдардағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдары (Президент аппараты, Премьер-министр кеңсесі, Министрлер аппараттарындағы, барлық деңгейдегі әкімдердегі); Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпорындардың және т.б. менеджері Бизнес-талдаушы; Инвестициялық жобалармен жұмыс жөніндегі маман; Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару саласындағы маман; Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге бағаны болжау және сараптау жөніндегі маман; ЖОО-да оқытушы.
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    7
  • Кәсіби қызмет саласы
    - шаруашылық жүргізуші субъектілердің әлеуметтік-экономикалық қызметін экономикалық, әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың экономикалық, қаржылық, өндірістік-экономикалық және талдау қызметтерін реттеу; - кәсіпорындардың экономикалық стратегиясы мен саясатын қалыптастыру; - ұйымды тиімді басқаруды қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті басқару жүйелерін ұйымдастыруға және жұмыс істеуіне қатысу, әлеуметтік-экономикалық даму үрдістеріне сәйкес басқаруды жетілдіру; - кәсіпорынның менеджмент жүйесін жетілдіру.
  • Кәсіби қызмет нысаны
    Қызмет түріне, мөлшеріне, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындар.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    Ұйымның экономикалық қызметін жүзеге асыру; Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды болжау және қалыптастыру бойынша қызметті жүзеге асыру және баға демпингін сараптау; Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды басқару; Бизнес-проблемаларды анықтау, мүдделі тараптардың қажеттіліктерін анықтау, шешімдерді негіздеу және ұйымда өзгерістер жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызмет; Қаржыландырудың әртүрлі нысандарын қолдана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру; Ұйымдастыру-технологиялық қызмет; Ақпараттық-талдау қызметі; Сараптамалық-кеңес қызметі; Ұйымдастырушылық-басқару қызметі; Ғылыми-зерттеу қызметі; Білім беру немесе педагогикалық қызмет.