Подкаст с Айшанур Байдан
2025-10-02 | Жаңалықтар
Сыртқы кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркиядан келген ЭМ-2401 тобының студенті Айшанур Байданмен қызықты сұхбат жүргізілді.
Ол өз еліндегі оқыту жүйесі және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қалай қатысқаны туралы тәжірибесімен бөлісті. Айшанур жаңа ортаға бейімделу, Білім берудегі мүмкіндіктер және Шәкәрім университетіндегі студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы әсерлі әңгіме айтты.
Сонымен қатар, ол экономика және менеджмент мамандығының маңыздылығы мен болашақ мүмкіндіктері туралы құнды ақпарат берді. Әңгіме өте әсерлі өтті, біз үшін мотивация мен шабыттың үлкен көзі болды.