• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

"Республика күні: бірлік пен патриотизм мерекесі"

2024-10-24 | Жаңалықтар

2024 жылғы 24 қазанда Республика күні қарсаңында еліміздің әрбір өңірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.

Шәкәрім университетінің Бизнес жоғары мектебінің оқытушылары мен студенттері осы маңызды шараға белсене қатысып, өз Отанын сүйетін, Қазақстанда тұратынын мақтан ететін, туған халқының тіліне, мәдениетіне және салт-дәстүріне құрметпен қарайтын азаматтар екендіктерін көрсетті.

Шараның жалғасы:

Мереке “Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем” тақырыбындағы топ сағаттарын өткізумен жалғасын тапты. Бұл кездесулер Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің маңыздылығын талқылап, студенттерге патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды.

Республика күні құтты болсын! 🇰🇿
Бұл күн баршамыздың бірлігіміз бен тәуелсіздігіміздің жарқын символы болып қала береді.

Бөлісу