«На гребне волны - 2024» онлайн-конференциясы
2024-10-07 | Жаңалықтар
Бухгалтерлер күніне орай Учёт.kz компаниясы бухгалтерлер мен кәсіпкерлерге арналған ірі онлайн-конференция ұйымдастырды.
Учёт.kz компаниясымен серіктестік аясында Бизнес жоғары мектебінің оқытушылары мен студенттері бұл маңызды шараға белсенді қатысты.
Конференцияда қаралған негізгі тақырыптар:
- Жаңа Салық кодексіндегі салықтық әкімшілендіру: өзгерістер мен олардың тәжірибеде қолданылуы.
- ХҚЕС бойынша қаржылық есептілікті дайындау: соңғы жаңартулар мен талаптар талқыланды.
- 2025 жылға арналған салықтық жоспарлау және оңтайландыру.
- «1С: Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс істеуге арналған 10 тиімді лайфхак.
Қатысушылар ұйымдастырудың жоғары деңгейін және талқыланған тақырыптардың өзектілігін атап өтті. Конференция кәсіби тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру үшін пайдалы алаңға айналды.