Білім алушыларды даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі өлшемі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 84 кредитін, оның ішінде практиканың кемінде 15 кредитін (6 кредит - педагогикалық практика, 9 кредит – зерттеу практикасы), 24 кредит – магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысын, магистрлік диссертацияны ресімдеуге және қорғауға 12 кредитті меңгеруі болып табылады. Барлығы-120 кредит.
Типтік оқу мерзімі: 2 жыл
-
Берілетін дәреже / біліктілік7М03101-Психология білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміПсихолог (басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы 2002.11.22 N 273-п)
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі7
-
Кәсіби қызмет саласыПсихология білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі өзінің кәсіби қызметін білім беру және әлеуметтік салада, ғылымда және персоналды басқару саласында жүзеге асырады.
-
Кәсіби қызмет нысаны- Сараптамалық-консалтингтік ұйымдар; - Ведомствоаралық, өңіраралық және халықаралық ғылыми, жобалау ұйымдары; - білім беру саласындағы МИБ: оқыту; тәрбиелеу; оқушылардың жеке-тұлғалық дамуы; - әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде оқушыларды, педагогтарды және ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу; - Әлеуметтік сала саласында: әртүрлі типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде балаларды, педагогтер мен ата-аналарды әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу; әртүрлі типтегі (толық емес, қолайсыз, алмастыратын) отбасылардан шыққан балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендіру; халыққа әлеуметтік көмек көрсету мекемелері, қоғамдық және шаруашылық ұйымдар, әкімшілік органдар, қорғаншылық және қамқоршылық органдары; - психологиялық және педагогикалық бағыттағы ғылыми зертханалар.
-
Кәсіби қызмет түрлерідиагностикалық және түзету; сараптамалық және консультациялық; ұйымдастыру-басқару; өндірістік-басқару; білім беру (педагогикалық); ғылыми-зерттеу.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік лингвистикалық құзыреттіліктерді және негізгі ғылыми-педагогикалық, басқарушылық және коммуникативті білім мен дағдыларды кәсіби қызметте қолдану қабілетін қалыптастырады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Психологиялық-педагогикалық көшбасшының негізгі сипаттамаларын және олардың білім беру процесін басқарудағы рөлін анықтау, көшбасшылық стильдерін және олардың білім беру міндеттері мен мақсаттары контекстіндегі тиімділігін талдау, педагогикалық және әкімшілік кадрлар арасында көшбасшылық құзыреттерді дамыту бағдарламаларын әзірлеу.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әр түрлі іс-шаралардағы көшбасшылық пен басқару процесін модельдеу, мәдениетаралық зерттеулердің негізгі аспектілері және олардың білім беру практикасына әсері туралы білімдерін көрсету, білім беру контекстіндегі әртүрлі мәдени топтар арасындағы өзара әрекеттесуді жақсарту үшін мәдениетаралық зерттеулерді қолдану.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Статистика категориялары мен ұғымдарындағы зерттеулер негізінде Өзін-өзі реттеу психотехникасын қолдану, психологиядағы психотехника мен статистикалық тәсілдердің әртүрлі әдістерінің тиімділігін салыстыру, статистикалық әдістердің психологиялық практиканың ағымдағы талаптары мен қиындықтарына сәйкестігін бағалау.