Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 203 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 12 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.
-
Берілетін дәреже / біліктілік6В02302 «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміАудармашы-референт Гид-аудармашы Аудармашы-лингвист Ілеспе аудармашы Көркем аударма бойынша аудармашы
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі6
-
Кәсіби қызмет саласы- мәдениет және мәдениетаралық коммуникация - халықаралық байланыстар; - баспа ісі; - бұқаралық ақпарат құралдары; - ақпараттық-аналитикалық; - әкімшілік-басқару.
-
Кәсіби қызмет нысаны- аударма бюросы; - мәдениет мекемелері; - халықаралық ұйымдар; - әртүрлі ақпараттық-аналитикалық қызметтер; - елшіліктер мен өкілдіктер, министрліктер; - туризм жөніндегі агенттік; - баспа; - ғылыми-зерттеу институттары; - журналдар мен газеттер редакциясы (редактор, журналист лауазымы)); - әр түрлі компаниялардағы қабылдау бөлмелері (хатшы-референт); - баспасөз орталықтары; - әдеби одақтар; - кітапхана
-
Кәсіби қызмет түрлері- аудармашылық; - эксперименттік-зерттеу; - ғылыми-зерттеу; - ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет; - өндірістік-басқарушылық; - ақпараттық-аналитикалық.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Ағылшын тіліндегі грамматикалық құрылымдарды сенімді қолдана отырып, күрделі синтаксистік үлгілерді меңгереді. Сөйлеу мен жазуда әртүрлі контекстке сәйкес лексиканы орынды пайдалана біледі. Логикалық байланысқан, мазмұнды және тілдік нормаларға сәйкес мәтіндер құрастыра алады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Тілдің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық деңгейлеріндегі негізгі құбылыстарды жан-жақты сипаттай алады.Мәтінді күрделі құрылымдық және семантикалық тұтастық ретінде талдап, лингвистикалық тұрғыдан бағалайды.Лингвистикалық зерттеу әдістерін қолдану арқылы теориялық білімдерін нақты тілдік материалдармен байланыстырады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Кәсіби және академиялық салаға қатысты күрделі мәтіндерді талдап, олардың лексикалық және стильдік ерекшеліктерін анықтай алады. Ауызша және жазбаша түрде өз саласына қатысты терминологияны дұрыс қолдана отырып, кәсіби ой-пікірлерін нақты жеткізеді. Медиа, іскерлік, ғылыми мәтіндермен жұмыс істей отырып, түрлі салалық контексттерде аударма жасай алады
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Аударматану ғылымының негізін, негізгі ұғымдарын және тарихын біледі және оларды қазіргі тәжірибеде қолданады. Аударма процесінің кезеңдерін (талдау, трансформация, редакциялау) жүйелі түрде қолдана алады.Түрлі жанр мен стильдегі мәтіндерді функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып аударады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Мәдениетаралық коммуникация жағдайында тілдік және мәдени айырмашылықтарды түсініп, тиімді қарым-қатынас орнатады. Әртүрлі кәсіби жағдаяттарда сөйлеу стратегияларын қолданып, сенімді тілдік өзара әрекет жасай алады. Жазбаша және ауызша қарым-қатынаста стильдік, прагматикалық және тілдік ерекшеліктерді ескере отырып пікір білдіреді.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Аудио-визуалдық және кәсіби мазмұндағы мәтіндерге талдау жасап, олардың құрылымын, жанрын және коммуникативтік мақсатын түсінеді. Зерттеу жұмыстарына қажетті мәліметтерді тауып, оларды өңдеп, ғылыми контексте ұсына алады. Академиялық нормаларды сақтай отырып, ғылыми мәтіндермен жұмыс істей алады (талдау, жазу, баяндама дайындау).
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Стандартталған халықаралық емтихандардың талаптарын түсініп, дайындық стратегияларын қолданады. Көпсалалы мәтіндерді аудару барысында мақсатты аудитория мен жанрлық ерекшеліктерді ескереді.Жазбаша және ауызша кәсіби қарым-қатынаста грамматикалық және стилистикалық талаптарды сақтай отырып сенімді әрекет етеді.